
Сарышаған кентінің жас балуандар командасы Приозерск әкімінің кубогына арналған қазақша күрестен турнирде жеңіске жетті. Жарысқа Қарағанды облысының бес өңірінен барлығы 120-дан астам спортшы қатысты.

Приозерскіде қала әкімінің кубогына арналған турнир дәстүрлі түрде өтеді. Биыл жекпе-жек он бір салмақ дәрежесінде өтті. Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұртай Стамқұлдың айтуынша, турнирдің барлық қатысушылары жақсы дайындалған.

‒ Әрбір кішкентай палуанның шығуы көрермендердің көңілінен шықты. Турнир 10 сағаттан астам уақытқа созылды. Жалпыкомандалық есепте Приозерск құрамасы екінші орынды, Сарышаған командасы бірінші орынды, мойынтылықтар үшінші орынды иеленді, ‒ деді Нұртай Стамқұл.

Сарышаған кентінен турнирге 40-қа жуық жас балуан келді. Олардың алтауы алтын медаль жеңіп алып, командаға бірінші орын сыйлады.

‒ Менің тәлімгерлерім жақсы нәтиже көрсетті. Жалпы командалық есепте біз бірінші орынды иелендік. Енді біз Қазақстан чемпионатына дайындалып жатырмыз, ‒ деді Сарышаған балуандарының жаттықтырушысы Бертілек Хуанған.

Екінші орынды Приозерск командасы иеленді.

‒ Турнир жоғары деңгейде өтті. Мен оқушыларымның нәтижесіне ризамын. Менің залымнан турнирге 37 бала қатысты. Олардың есебінде екі алтын, бес күміс және 11 қола медаль бар, ‒ дейді Приозерск командасының жаттықтырушысы Мағди Дүйсетай. ‒ Енді біз 18‒19 наурызда Қарағандыда өтетін жарыстарға дайындалып жатырмыз.

Үшінші орын Мойынты ауылының командасына бұйырды.

Спортшылардың жақсы дайындығын Приозерск қаласының әкімі Сапар Сатаев атап өтті.

‒ Жастардың спортқа деген сүйіспеншілігін ояту қажет. Шыңдарды бағындырыңыздар, чемпион болыңыздар және біздің керемет Қазақстанымызды дәріптеңіздер! ‒ деді жас палуандарға Сапар Сатаев.