
Тәттімбет атындағы Қарағанды академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі 7 наурыз күні сағат 18:00-де "Аруға әсемдік жарасады!" мерекелік концертіне шақырады. Көрермендерді "Шалқыма" к/з-да күтеді.
Халықаралық әйелдер күніне арналған концертте ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Талғат Ыдырысов пен Полатхан Тәшімов, ҚР Мәдениет қайраткері Меруеш Башай, республикалық конкурстардың лауреаттары Медет Осатаев пен Гүлмира Тапай өнер көрсетеді.
Тәттімбеттің "Сылқылдақ", Дина Нұрпейісованың "8 наурыз", Сүгірдің "Аққу", Құрманғазының "Сарыарқа", Ықыластың "Аққу", Дәулеткерейдің "Қосалқа", Рольф Ловландтың "Жұмбақ бақ", Арам Хачатурянның "Гаяне" балетінен "Қыздар биі", Андркй Петровтың "Петербург құпиялары" фильмінен вальс, сондай-ақ "Шолпан қыз", "Жас келін" және т. б. халық әндері орындалады.
Көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев.
Бас дирижер – "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей.
Дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.
Билеттер "Шалқыма" к/з кассаларында және ticketon.kz сайтында.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.