
Нұра ауданында 253 отбасыға бір тоннадан көмір бөлінді. Қайырымдылық акциясын жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қолдауымен "Шұбаркөл Көмір" компаниясы өткізді. Сонымен қатар өндіруші жергілікті Қарттар үйіне сегіз тонна көмір бөлді.
Ангелина Принус жалғыз өзі ерекше бала тәрбиелеп отыр. Ол анасымен бірге тұрады. Қыста әйелдер шамамен сегіз тонна көмір сатып алады, бірақ кейде бұл көлем жеткіліксіз.

– Кейде көмір сапасыз болады. Нашар жанады. Көмірдің бұл түрі әрқашан сапалы. Компанияның бізге көмектескені өте жақсы болды, – дейді Ангелина.

Думан Дүйсенбин жеті бала тәрбиелеп отыр.
– Бұл біз үшін жақсы көмек. Көмір ешқашан артық болмайды, – деді Думан.
