
Осакаров ауданы Ақбұлақ ауылында мектеп жөнделеді, ал Озёрныйда фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы аяқталады. Осы және басқа да жобалар ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға бағытталған "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Осакаров ауданында жұмыс сапарымен болып қайтты.

Өңір басшысы бірқатар нысандарды аралап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді.
Облыс әкімі Молодежный кентіне келіп, "Ауыл – Ел бесігі" бойынша көп жұмыс жасады. Әлеуметтік сала нысандары мен жолдар жөнделді.

Алайда, жергілікті аурухана күрделі жөндеуді қажет етеді.

Өңір басшысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілгені туралы баяндалды. Осыдан кейін бірден жөндеу басталуы тиіс. Ермағанбет Бөлекпаев жоба бойынша тапсырма берді.

Сонымен қатар, Сарыөзек ауылының тұрғындары үшін дәрігерлік амбулатория салынады.

Жаңа медициналық пункттер Ошаған, Ақпан, Звездное, Шұңқыркөл ауылдарында пайда болады.
Ауылдық клубтар да жөнделеді. Бұған "Ауыл – Ел бесігі" бойынша және аудандық бюджеттен қаражат бөлінеді.
Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету туралы да айтты. Биылғы жылы Озерное, Ералы, Пионерское ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысын аяқтау қажет. Осакаровкада су құбырының жетінші кезегі салынуда. Биыл тағы төрт ауылда – Николаевка, Сенокосное, Садовое және Трудовоеда жобалар жоспарланған.
Аудан басшысының ақпараты бойынша, "Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасы аясында Есіл және Сарыөзек ауылдарының жолдары жөнделеді.

Жұмыс сапары барысында Ермағанбет Бөлекпаев Осакаровкадағы "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 108 пәтерлік тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Тұрғын үй кезекте тұрғандарға арналған.

Сонымен қатар, облыс әкіміне Осакаров ауданының көктемгі су тасқынына дайындығы туралы баяндалды.

Пионерский ауылын су басу қаупін азайту үшін Есіл өзенінің арнасына санитарлық тазалық жүргізіледі. Өңір басшысына су тасқыны кезеңінде ТЖ алдын алу және жою үшін арнайы техниканың дайындығы көрсетілді.

Ермағанбет Бөлекпаев өндірістік нысандарға да барды. Қ. Сәтбаев атындағы каналдың сорғы станциясында оған жабдықты жаңғырту туралы айтылды.

10 жылға есептелген қайта құру бойынша ауқымды бағдарлама әзірленді.

Станцияның энергетикалық жабдықтары жаңартылды.


Өңір басшысы Kazakhmys Coal көмір өндіруші кәсіпорнының қызметімен танысып,

"Сарыбел-НАН" ЖШС элеваторын көрді.

Сапар соңында Ермағанбет Бөлекпаев ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті.

Егіс жұмыстарына дайындық және мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.
Фото Еркебұлан Хадылбектікі