Қарағандылық тергеуші джиу-джитсудан Азия чемпионатында алтын алды

Қарағандылық тергеуші джиу-джитсудан Азия чемпионатында алтын алды

Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің тергеушісі Аян Әмзе джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды. Таиланд астанасында өткен жарысқа 30 елден 600 спортшы қатысты.

Аян Әмзе – Қазақстан құрамасындағы жалғыз жүлдегер қыз. Ол алты жыл бұрын мектеп қабырғасында оқып жүргенде күреспен айналыса бастаған. ҚР ІІМ Қарағанды академиясында оқып жүргенде джиу-джитсуға қызығушылық танытқан.

– Мен тек финалға өтемін деп ойладым. Алтын медаль үшін күресте бұрыннан таныс қарсыласым – Таиланд спортшысымен кездестім. Біз онымен өткен жылғы Азия чемпионатының финалында бақ таластырған болатынбыз. Әрине, мен жеңіске жеткеніме қуаныштымын, – дейді Аян.

Тергеуші қыз алда әлем чемпионатында өнер көрсетуді жоспарлап отыр.

polisia.kz