Саран қаласының оқытушысы Республикалық кәсіби шеберлік байқауында жеңіске жетті

Саран қаласының оқытушысы Республикалық кәсіби шеберлік байқауында жеңіске жетті

Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің ағылшын тілі оқытушысы Анастасия Седова республикалық кәсіби шеберлік байқауында бірінші орынға ие болды.

Анастасия Седова – колледж мұғалімдері арасындағы кәсіби шеберлік байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы. Ол өз жұмысында оқытудың жаңа технологияларын да, дәстүрлі әдістемені де қолданады.

– Байқаудың республикалық кезеңіне еліміздің түрлі облыстарынан 17 педагог қатысты. Барлығы мықты, ең үздіктер жиналған. Шынымды айтсам, мен бірінші орын аламын деп армандаған жоқпын. Бірақ қазылар алқасының мүшелері мен сарапшылар менің жетістіктерімді бағалап, бірінші орынға ие болдым, – дейді Анастасия Седова. – Байқау Көкшетауда өтті. Мен бейне презентация дайындадым, мектеп жанындағы лагерь балаларымен жұмысымды көрсеттім, онда біз заманауи технологиялардың барлық интерактивті мүмкіндіктерін пайдаланамыз.

Анастасия Седова бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, ол өзінің біліктілік санатын мерзімінен бұрын арттыруға мүмкіндік алды. Ол екі жыл бұрын педагог-сарапшы санатын алған. Енді педагог-зерттеуші болуға үміттенеді.