
Қарағанды облысында кәсіпкерлікті дамытудың "Кәсіпкер" Өңірлік бағдарламасы басталды. Спорт және сұлулық индустриясы саласындағы үш жобаны іске асыруға жеңілдікті кредиттер берілді.
"Кәсіпкер" бағдарламасының арқасында Қарағандыда екі жаңа фитнес-клуб, оның ішінде премиум-класс пайда болады. Сұлулық индустриясында оқыту курстары да ашылады. Өңірлік бағдарлама шеңберінде 2023 жылы тепе-тең негізде 1,5 млрд теңге көзделген. Бүгінгі таңда 111 млн теңгеге үш жоба қаржыландырылды, 146,5 млн теңгеге төрт жоба мақұлданды. Тағы 11 жоба екінші деңгейдегі банктерде қаралуда", – деп хабарлады кәсіпкерлік басқармасы.
Бағдарламаға Қарағанды облысында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Бір кәсіпкерге қарыз сомасы жылдық 5 %-бен 50 млн теңгеден аспайды.
Қарыз "Центр кредит" Банкі және "Банк РБК" АҚ арқылы беріледі. Кепілмен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда "Даму" Қоры несиеге ішінара кепілдік беру түрінде мемлекеттік қолдау көрсетеді.
Толығырақ ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: (8-7212) 55-89-99, 55-90-30.
Бейне нұсқаулық Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының karaganda-kasipkerlik сайтында орналастырылған.