
"Менің достарым – менің байлығым": Кеншілер мәдениет сарайында 4 наурыз күні сағат 17:00-де ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Дүйсен Қасейіновтың музыкалық фестивалі өтеді.
Музыка білгірлері Әзербайжан, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан солистерімен, Еркеғали Рахмадиев атындағы Академиялық симфониялық оркестрдің музыкалық сүйемелдеуімен кездеседі.
Солистер – Максим Федотов, Роза Рымбаева, Полад Бюль-Бюль оглы, Роза Зергерли, Роза Аманова, Ферьял Башель, Медет Чотабаев және Жұпар Ғабдуллина.
Дирижерлер – ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Петр Грибанов, Қанат Ахметов, Италиядан келген қонақ Массимо Мерчелли, Түркіменстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Ровшен Непесов.
Дүйсен Қасейінов Тәттімбет атындағы Қарағанды музыкалық училищесін, одан кейін Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын және Петр Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясын бітірген. Профессор. Скрипкашы. 2003–2004 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігін басқарды.
2008 жылдан бастап ТҮРКСОЙ Бас хатшысының міндетін атқарады.
Мерейтой иегері еліміздің музыкалық мұрасын дамытуға және сақтауға үлкен үлес қосқан. Атап айтқанда, Дүйсен Қасейіновтің арқасында Қарағандыда "Музыкалық Сарыарқа" фестивалі өтеді.
Билеттерді ДКГ кассасынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.