1 наурызда бүкіл Қазақстан бойынша дабыл сигналы қосылады

1 наурызда бүкіл Қазақстан бойынша дабыл сигналы қосылады

Қазақстанда 1 наурызда сиреналар қосылады. Бұл күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін азаматтық қорғау туралы хабарлау жүйесін Республика бойынша тексеру өтеді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. Іс-шара Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орайластырылған.

"Хабарлау жүйесін тексеру барысында электр сиреналары мен сиреналық-сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімді қосу, сондай-ақ телевизиялық және радиоарналардың эфирін қармау, интернет-ресурстарда және мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыруды жүзеге асыру көзделеді", – делінген ведомство хабарламасында.

Бұдан басқа, қауіпті өндірістік нысандарда және гидротехникалық құрылыстарда жергілікті хабарлау жүйелерінің жарамдылығы тексерілетін болады.

Құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу құлақтандыру жабдығының дайындығын қолдауға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған, деп атап өтті ТЖМ.