Қарағандылық көрермендер осы демалыс күндері париждік жас жігіттің үш стюардессамен қарым-қатынасы туралы комедиясын көре алады.
25 және 26 ақпанда К. С. Станиславский атындағы театрдың сахнасында "Боинг-Боинг" авиашоуының премьерасы көрсетіледі.
Пьесаның авторы – әйгілі француз комедиографы Марк Камолетти. "Боинг-Боинг" комедиясы алғаш рет 1960 жылы Париждегі Comedie Caumartin театрында қойылды. Содан бері оның танымал болғаны сонша, ол әлемдегі ең жиі орындалатын француз пьесасы ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына кірді. Әлемнің 60-тан астам елінде қойылды.
Комедия көрермендерді Парижге саяхатқа апарады. Мұнда Бернар есімді бойдақ жігіт жас стюардессалардың басын айналдырады. Олардың барлығы оның қалыңдықтары.
Бойжеткендер әртүрлі авиакомпанияларда ұшады және бұл жайт күйеу жігіттің өтірігі шығып қалмауына септігін тигізеді. Бірақ, әдеттегідей, жоспарлап құрдымға кетіп, содан кейін қызықтың барлығы басталады.
– Адамдар кейде театрға демалуға, сергуге, ештеңені ойламай, тыным алуға келеді. Сондықтан біз ерлер мен әйелдердің қарым-қатынасы мен махаббаты туралы комедияға шақырамыз. Мұнда көптеген әзіл-сықақ әңгімелер болады, ешкім зерікпейді деп ойлаймыз. Спектакльдің негізгі идеясы адам болмысы өзгермейтінінде жатыр. Көрермендер қойылым соңында бәрін түсінеді, – деді қоюшы режиссер Денис Цветков.
Спектакльдің басталуы сағат 17: 00-де.