Қарағандыда суретші Людмила Бойкованы еске алуға арналған көрме өтеді

Қарағандыда суретші Людмила Бойкованы еске алуға арналған көрме өтеді

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы 22 ақпанда қолданбалы суретші Людмила Бойкованың мемориалдық көрмесін ашады. Келушілер гобелен, батик, киіз басу техникасында автордың 27 тоқыма бұйымдарын тамашалай алады.

Людмила Бойкова Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің театр-декорация бөлімін бітіріп, Қарағандыға еңбек етуге келген. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ облыстық драма театрында бір жылдан астам жұмыс істеген.

Содан кейін Қазақстан Суретшілер Одағы жанындағы көркемсурет шеберханасында еңбек етті. Мұнда ол өндірістік тапсырыстарды (плакаттар, суреттер, батиктер және т. б.) орындады, шығармашылықпен айналысты және көптеген шетелдік, бүкілодақтық, республикалық және қалалық көрмелерге қатысты.

80-ші жылдардың басында суретші батик пен гобеленге көбірек уақыт бөле бастаған. Бұл сәулет өнеріндегі станоктық және үлкен монументалды жұмыстар. Оның туындыларын театр ғимараттары мен түрлі мәдени мекемелердің дизайнынан көруге болады. Людмила Бойкова сәулетші жұбайы Александр Бойковтың жобасы бойынша салынған Қарағанды циркін безендірумен айналысқан.

90-шы жылдары суретші өзі үшін жаңа материалмен – киізбен жұмыс істеуге кіріседі.

– Людмила Васильевна 1999 жылы қайтыс болды. Әр түрлі жылдардағы жұмыстарға қарап, оның өз шығармаларына жанының бір бөлшегін салып отырғанын анық түсінуге болады. Оның шығармаларының сюжеттік тақырыбы пейзаждық, натюрморт және нақты қаһарман кейіпкерлері бар ертегі-қиял. Барлық шығармалар салтанаттылыққа, поэзияға және қарапайым жер бетіндегі өмірдің сұлулығына толы, – дейді көрменің кураторы және мұражайдың бас қор сақтаушысы Дәмелі Қадырқұлова.

Людмила Бойкованың туындылары АҚШ, Израиль, Ресей, Голландия, Бельгия, Германия және Франциядағы жеке коллекцияларда лайықты орын алады.

Көрме 12 наурызға дейін жалғасады.