Балқаш қаласындағы Open Akimat тұрғындарды енді жаңа ғимаратта қабылдайды

Балқаш қаласындағы Open Akimat тұрғындарды енді жаңа ғимаратта қабылдайды

Балқашта жаңа ғимаратқа көшкен Open Akimat өз жұмысын бастады. Мұнда қала тұрғындары «бір терезе» қағидаты бойынша қажетті мемлекеттік қызметтерді ала алады, шағыммен немесе ұсыныспен жүгіне алады.

Сервистік орталықта жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары және сәулет бөлімдерінің мамандары қабылданады. Болашақта мұнда қала әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады.

Тұрғындарға 15 терезеде қызмет көрсетіледі. Мұнда олар 50-ден астам мемлекеттік қызмет ала алады. Ыңғайлы болу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

«Ашық әкімдіктің» мекенжайы: Караменди би көшесі, 15.