"Көктем аруы": Қарағанды Кеншілер мәдениет сарайы студенттер арасында облыстық байқау жариялады

"Көктем аруы": Қарағанды Кеншілер мәдениет сарайы студенттер арасында облыстық байқау жариялады

Қарағанды Кеншілер мәдениет сарайы студенттер арасында "Көктем аруы – 2023" облыстық сұлулық және шығармашылық байқауын ұйымдастырады. Қазылар алқасы таңдаған қатысушылар 16 наурызда КМС сахнасында өз қабілеттерін көрсете алады.

Конкурс колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізіледі. Үш кезең жоспарланған. "Өзін өзі таныстыру" өзі туралы айтуға мүмкіндік береді. "Талант минуты" кезеңінде қатысушы ән айтып, билей алады, музыкалық аспаптарда ойнай алады, сурет сала алады және тағы басқа өнерін көрсетуіне болады. Соңғы кезең – "Кинофильмнен үзінді". Байқауға қатысушы бұл кезеңде көмекшілерін жұмылдыра отырып, театрландырылған қойылым ұсынады.

Өтінімдер 10 наурызға дейін dkg.to@mail.ru электрондық поштаға қабылданады.

Байқау туралы ережемен КМС-ның Instagram парақшасында танысуға болады: @dkg_krg.

Толық ақпарат: 41-27-26, 8-708-294-15-36, 8-707-121-83-99 телефондары бойынша.