
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттарын сайлауға 59 адамнан тұратын алты партиялық тізім ұсынылды. Қазіргі уақытта оларды тіркеу рәсімі аяқталды, деп хабарлады облыстық сайлау комиссиясы.
Партиялық тізімге енгізілген кандидаттар ҚР Конституциясы мен сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін тексеруден өтті.
Тіркеуді AMANAT, "Ақ жол", ҚХП, "Ауыл", "Байтақ", Respublica партиялары филиалдарының тізімдері алды.
Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, AMANAT партиялық тізімдерінде 26 адам тіркелген, "Ақ жол" – 7, ҚХП – 12, "Ауыл" – 7, Respublika – 4, "Байтақ" – 3.
Тіркелген кандидаттарға куәліктер табысталды.
Сайлау науқаны 18 ақпанда сағат 18.00-ден басталып, 18 наурызда сағат 00:00-де аяқталады. 18 наурыз – тыныштық күні. 19 наурыз – сайлау күні.