
"Террикон алқабы" IT-hub-ы 25 ақпанда "Трекер мектебі" курсын бастайды. Қарағандылықтарға жаңа мамандық негіздері тегін оқытылатын болады.
Трекер – стартаперлердің тәлімгері. Мұндай маман тәуекелдерді талдауға және азайтуға, топтың жұмысын бақылауға көмектеседі және бизнесті кеңейтуге консультациялық қолдау көрсетеді.
Қатысушылар екі күнде мамандық туралы негізгі білім алады. Олардың ішінде:
- трекердің жұмысы қандай;
- стартапты зерттеуді қалай жүргізу керек;
- Lean Startup;
- HAD-циклдары;
- гипотезалар;
- customer development дегеніміз не;
- нарық пен бәсекелестерді талдау;
- жобаның диагностикасы және стратегиясы;
- командамен жұмыс;
- бақылау әдістемесі;
- трекердің өзін-өзі дамыту механикасы.
Жоба трекерлері:
Данил Коновалов – HRD және PIM Solutions компаниясының өнімді басқару офисінің жетекшісі. 2GIS, Allegro mail.ru e-commerce Group, Совкомбанк, Unilever және т.б. стратегия құру және негізгі персоналды дамыту жобаларында жұмыс істеді.
Богдан Одарченко – 2UP GROUP СЕО, РЭКҚ (Ресей электрондық коммуникациялар қауымдастығы) кластерінің жетекшісі, Южный ІТ-парк, интернет-бастамаларды дамыту қорының (ФРИИ) сертификатталған трекері.
"Сбер", "Газпромнефть", ВТБ, "Альфабанк", "Мегафон" және т. б. компанияларда стартаптарға, 300+ ассессменттерге және өнімдерге 1000 + диагностика жүргізген.
Курс кімге қажет:
- жаңа мамандықты игеріп, трекер болғысы келетін мамандар. Курстың үздік қатысушыларына одан әрі жұмысқа орналасу ұсынылады;
- өз бизнесіне басқаша қарағысы келетін кәсіпкерлерге;
- стартаптардың дамуына көмектесетін адамдар;
- бизнесті дамытудың жаңа бағыттарын іздейтін компаниялардың қызметкерлеріне.
Қатысушыларда жоғары білімнің болуы міндетті.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Мекен-жайы: "Террикон алқабы" IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12.