ҚР ИИДМ онлайн-сауалнамаға қатысуға шақырады

ҚР ИИДМ онлайн-сауалнамаға қатысуға шақырады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі отандық өнеркәсіптің ахуалына байланысты ұлттық баяндаманы әзірлеуді қолға алды. Онда еліміздегі өнеркәсіптің қазіргі жағдайы мен жекелеген бағыттар бойынша өнеркәсіптік-инновациялық жобаларға қатысты индустриялық даму жөніндегі мәліметтер қамтылған.

Бұл орайда аталған баяндама Қазақстандағы өнеркәсіптік саясатты қалыптастырудың негізгі тетігі саналатынын айта кетейік. Оны әзірлеу іскерлік орта және қоғам өкілдерімен өзара іс-қимыл негізінде жүзеге асырылады.

Осыған байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі кәсіпорындардың дамуына әсер ететін факторлар мен өндіріс орындарында туындайтын жүйелік проблемаларды және тәуекелдерді анықтау мақсатында онлайн-сауалнамаға қатысуға шақырады.

Осы сауалнаманың нәтижелері тиісті шешімдерді қабылдау үшін еліміздің басшылығына ұсынылатынын айта кеткен орынды.

Онлайн-сауалнаманың мемлекеттік тілдегі нұсқасына төмендегі сілтеме арқылы өтуге болады: https://forms.gle/BBPgLadoFCC2gHwP6

Ал ресми тілдегі нұсқасы https://forms.gle/ntPMs9DauGpmjjKx7 сілтемесі бойынша қолжетімді.

Сауалнамаға онлайн қатысу мүмкіндігі болмаса, қосымша берілген форманы толтыруға болады. Толтырылған сауалнаманы  n.nurgyisayev@qazindustry.gov.kz және A.Yernazarov@qazindustry.gov.kz пошталарына жіберу қажет.

Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы ала аласыздар: (8-7172) 983-788 (ішкі 1073, 1189, 1172), Әлішер Ерназаров – 8-702-852-85-38, Нұржан Нұрғысаев – 8-707-423-79-69.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі