
2022 жылы Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының пациенттерді қолдау қызметіне үш мың тұрғын жүгінді. Сұраулар негізінен анықтамалық сипатта болды.
Облыстық клиникалық аурухана жеті бейіндік орталықтан тұрады. Пациенттерден өтініштер мен шағымдар бірден бірнеше арналар арқылы қабылданады: ұйымның өзіне, электрондық пошта, бірыңғай e-otinish платформасы, call-орталық, мессенджерлер, сайт және әлеуметтік желілер арқылы хабарласуға болады.
Өтініштердің көп бөлігі – ОКА әртүрлі орталықтарының дәрігерлері мен бөлімшелері туралы пікірлер. Сондай-ақ, қарағандылықтарды МӘМС аясында аурухана мамандарына қалай қабылдауға жазылу керектігі, аурухана орталықтарына қалай жатуға болатыны және т. б. қызықтырды.
Барлық қазақстандық медициналық ұйымдарда – ауруханаларда, клиникаларда және емханаларда пациенттерді қолдау қызметтері жұмыс істейді. Олар жұмысты ұйымдастыру әдісі бойынша бір бірінен ерекшеленуі мүмкін, бірақ бәрінің мақсаты бір – пациенттердің өтініштерін, соның ішінде шағымдарды уақтылы қабылдау және қарау.
Егер пациенттерді қолдау қызметіне жүгіну қажетті нәтиже бермесе, науқас fms.kz сайты, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және "Телеграмдағы" SaqtandyryBot арқылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне алады.
2022 жылы Қордың Қарағанды филиалына өңір тұрғындарынан 23 мыңнан астам өтініш келіп түсті, оның 1611-і шағымдар болды.
Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша