
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы Қазақ балалар әдебиетінің майталманы Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай "Комиксburg" комикстер (суреттелген әңгімелер) байқауын өткізеді. Оған бүкіл аймақтағы 10—11 жас аралығындағы балалар қатыса алады.
Жас суретшілерге ұйымдастырушы ұсынған Мұзафар Әлімбаев шығармаларының тізімінен өлеңге, поэмаға немесе ертегіге қазақ немесе орыс тілдерінде өзіндік сюжет ойлап тауып, оқиғаны комикс түрінде салу ұсынылады.
Комиксте кем дегенде 12 кадр болуы керек-А4 форматындағы екі парақта бір сюжеттік желі бейнеленген үзінділер (ландшафттық бағдар) болуы тиіс. Жұмыстар кез-келген техникада, ақ-қара немесе түрлі-түсті нұсқада, арнайы компьютерлік бағдарламаларды қолданбай орындалады. Сканерленген жұмыс PDF форматында кемінде 300 dpi, jpg форматында кемінде 500 dpi ұсынылады.
Шығармалар тізімі мен өтінім нысанын әлеуметтік желілерден кітапхана парақшаларынан және odb-abai.kz сайтынан көруге болады.
Жұмыстар 14 мамырға дейін кітапхананың мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға қызмет көрсету бөлімінде Бұқар жырау даңғылы, 30 мекенжайы бойынша немесе конкурс-комикс деп белгіленіп, odb_abai@mail.ru электрондық пошта арқылы қабылданады.
Жеңімпаздар 19 мамырда дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Анықтама телефоны: 8-778-627-23-00, 41-23-25.