Қарағандыда мүгедектігі бар адамдарға тегін заң көмегі көрсетіледі

Қарағандыда мүгедектігі бар адамдарға тегін заң көмегі көрсетіледі

Ten Qogam әлеуметтік бейімдеу орталығында ерекше қажеттіліктері бар Қарағанды тұрғындарына тегін заңгерлік көмек көрсетіледі. Кез-келген мәселе бойынша кеңес алуға болады.

Кәсіби көмекті заңгер Лаура Ахметова көрсетеді. Жұмыс өтілі – 8 жыл. Мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар.

– Мүгедектігі бар адамдар бізге кез келген заң мәселесі бойынша жүгіне алады, – дейді орталық басшысы Аслан Қабегенов. – Біздің заңгер шағым жасауға немесе мемлекеттік органға сұрау жіберуге көмектеседі. Біз сондай-ақ облыстық адвокаттар алқасымен тығыз жұмыс істейміз. Қылмыстық істер бойынша да жүгінген жағдайлар болған. Оларға көмектесе алдық.

Консультациялар аптасына үш күн: сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері онлайн және офлайн форматта өткізіледі.

Қабылдау уақыты: 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Байланыс телефондары: (8-7212) 36-14-74, +7-777-540-44-94.