Сарыарқаның жаңа есімдері: көркемөнерпаздарды музыкалық байқауға қатысуға шақырады

Сарыарқаның жаңа есімдері: көркемөнерпаздарды музыкалық байқауға қатысуға шақырады

Халық композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған "Сарыарқаның жаңа есімдері" онлайн-байқауына Қарағанды облысының кәсіби емес күйшілерін қатысуға шақырады. Кәсіптік білімі жоқ музыканттардың жас диапазоны: 7–16; 18–30; 31–50 және 50 жастан асқан.

Шығармашылық жарысқа қатысуға өтінімдер 10 наурызға дейін электрондық пошта арқылы қабылданады: nissaryarki@mail.ru.

Ұйымдастырушылардың – облыстық демалыс және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығының – Instagram парақшасындағы өтінімнің ережесі мен нысаны: @onmcdint.

Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер Құрманғазының бір күйін ("Сарыарқа" күйінен басқа) орындаған бейнежазбасын және өз фотосы мен туындының атауын көрсете отырып, Instagram-дағы жеке парақшасында жариялауы қажет. Жарияланымды #күйқұрманғазы200 хэштегімен атап өту керек.

Қорытындылау және марапаттау 17 наурызда Достық үйінде өтеді. Жеңімпаздар дипломдар мен ақшалай сыйлықтар алады.

Сұрақтармен Бұқар жырау даңғылы, 32 мекен-жайы бойынша ОДХШҒӘО-ға хабарласуға болады. Телефондар: 50-77-04, 42-50-95 және 8-777-048-04-09.