
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында 15 ақпанда елімізде және шетелде танымал фотограф Юрий Варыгиннің жеке көрмесі ашылады. "Оғаш бақ" экспозициясын "Қарағанды" фотоклубы ұйымдастырады.

Көрермендер автордың фотографика, фотометафора, фотореализм және фотоабстракционизм стиліндегі 50 шығармасымен танысады.

– Көрменің атауы менің ізденістерімнің мәнін және өмірге деген көзқарасымды көрсетеді, – дейді Юрий Варыгин. – Менің түсінуімше, біртүрлі бақ – бұл бәріміз тұратын жер. Ол әр түрлі оқиғаларға толы, әрдайым түсінікті бола бермейді, кейде өте оғаш және жұмбаққа толы болады. Өмірде бізге белгісіз көп нәрсе бар. Адам жерде қалай пайда болды? Ол мұнда не істеп жатыр? Оның ұмтылыстары қандай? Мен осы тақырып бойынша ойланамын, қарап отырамын.

Фотограф көрерменге де мұқият болуға кеңес береді. Айналаңызға қарап қана қоймай, өмірді жақсырақ және қызықты етуге тырысуды сұрайды

Юрий Варыгин EFIAP атағына ие (Excellence FIAP – халықаралық фотоөнер Федерациясының еңбек сіңірген суретшісі). Ол әлемнің әртүрлі елдеріндегі 400 фотокөрменің қатысушысы. Оның 159-ында лауреат және дипломант болған. 90 алтын, күміс және қола медальдар мен сыйлықтардың иегері.

Фотографтың жеке көрмелері Австрияда, Испанияда, Қазақстанда, Латвияда, Ресейде, Украинада өткен. Ол сондай-ақ арнайы шақыру бойынша 17 халықаралық фотокөрмелерге қатысқан. Оның бірнеше жұмыстары мұражайлардың фотографиялық коллекцияларында сақталған.

Қазіргі уақытта Юрий Варыгин – "Қарағанды" фотоклубының көркемдік жетекшісі. Мұнда ол өзінің үлкен тәжірибесімен бөліседі және жаңадан келген фотографтарға өздерін табуға көмектеседі.

Вернисаждың басталуы сағат 16.00-де.

Көрме 26 ақпанға дейін жалғасады.