
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік салаларда атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі, инвестициялар тарту, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқыны туралы мәлімет берді. Мемлекет басшысына өңірдің 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған жоспарлар ұсынылды.
Ермағанбет Бөлекпаев 53 ірі жобаны жүзеге асыру қолға алынғанын, нәтижесінде 12 мың жұмыс орны ашылатынын айтты.
Онык айтуынша, облыста шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артып келеді.
Одан кейін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Президентке тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен әлеуметтік салаларда атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі, инвестиция тарту ісі, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқыны туралы мәлімет берді. Жергілік органдар құны 18 миллиард теңге болатын 5,5 мың жобаны қаржыландырып 5,8 мың жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар былтыр өңірде 597,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы 1,2 миллион гектардан астам жер қайтарылды. Биыл игерілмей жатқан 580 мың гектар жерді қайтару жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысына әлеуметтік саладағы жоспарлар жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, ауылдық елді мекендерде 92 медицина нысаны салынады, ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау саласын жаңғырту аясында 2 ауданаралық аурухана құрылады. Сондай-ақ Қарағанды медицина университеті жанынан 300 орындық клиника мен 200 орындық перинатальдық орталық салу қарастырылған. Облыста 2023–2025 жылдар аралығында 18 заманауи мектеп салынуға тиіс.
Қасым-Жомарт Тоқаев облысқа жұмыс сапары кезінде берген тапсырмаларын уақтылы және сапалы іске асыру қажет екенін айтты. Өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі қамтамасыз етудің және халықтың әл-ауқатын арттырудың маңыздылығын атап өтті.