Қарағандылық кәсіпкерлерге Alibaba алаңына қалай шығуға болатынын айтып береді

Қарағандылық кәсіпкерлерге Alibaba алаңына қалай шығуға болатынын айтып береді

Қарағанды облысының тауар өндірушілерін QazTrade сауда саясатын дамыту орталығының өкілдерімен кездесуге шақырады. Ол Өңірлік кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде (Ермеков көшесі, 29) 14 ақпан сағат 11:00-де өтеді.

Кездесуде отандық экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтылады. "Qaztrade Accelerator 2023" және "Alibaba.com халықаралық сауда алаңына шығару" бағдарламалары таныстырылады.

Осы бағдарламаларға қатысу үшін компанияларды іріктеу жүргізілуде. Оларға шетелдік сатып алушыларды іздеуде және жаңа өткізу нарықтарын игеруде тегін көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар биылғы жылы жоспарланған сауда-экономикалық миссиялар мен шетелдегі халықаралық көрмелер туралы біле алады.

Кездесуге WhatsApp-та +7-700-750-57-11, +7-701-141-44-04 нөмірлері немесе project-support.kgf@atameken.kz электрондық поштаға хабарлама жіберу арқылы тіркелуге болады.