Қарағанды облысының еріктілері Түркия тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинауда

Қарағанды облысының еріктілері Түркия тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинауда

Қарағанды облысының еріктілер фронт-кеңсесі жер сілкінісі кезінде зардап шеккен Түркия тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинайтыны туралы жариялайды.

Қазіргі уақытта гуманитарлық көмекке ең бірінші кезекте келесі заттар қажет:

- ересектер мен балаларға арналған қысқы киім: пальто, куртка, жаңбыр жамылғысы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, іш киім және т. б. Заттар жаңа немесе таза және бүтін болуы керек;

- көрпелер, ұйықтайтын қапшықтар;

- термос, қол шамдары, қуаттағыш құрылғылар;

- памперстер, жеке және әйелдер гигиенасы құралдары.

Жинау пунктінің мекенжайы: Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 4, каб. 102

Байланыс телефондары: (8-7212) 40-08-71, 8-708-272-64-70 (Арман).