Қарағанды кітапханасы "Шығармашылықтың сиқырлы әлемі” арт-марафонын іске қосты

Қарағанды кітапханасы "Шығармашылықтың сиқырлы әлемі” арт-марафонын іске қосты

Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасы "Шығармашылықтың сиқырлы әлемі" сәндік-қолданбалы өнердің арт-марафонын жариялады. Іс-шара шеберлер клубының 10 жылдығына орай өткізіледі.

Марафонға Қарағанды облысының мектептерінің, колледждерінің оқушылары, ЖОО студенттері, мәдениет және білім беру мекемелерінің қызметкерлері, әуесқой бірлестіктер мен клубтар қатыса алады. Жас мөлшері - 16 жастан жоғары.

Шығармашылық байқау бірнеше номинациялар бойынша өткізіледі: "Сәндік кескіндеме", "Көркем кескіндеме", "Киізден жасалған бұйымдар", "Ағаш ою", "Авторлық қуыршақ", "Зергерлік бұйымдар мен аксессуарлар", "Тоқу және кесте".

Қатысуға өтінімді 9 сәуірге дейін электрондық пошта арқылы жіберу қажет: tvorchestvo8krg@mail.ru.

Түпнұсқа авторлық туындылар 10 сәуірден 31 тамызға дейін қабылданады.

Қазылар алқасы шеберлік деңгейі мен жұмыс сапасы, дизайнның өзіндік ерекшелігі және халықтық дәстүрлер мен әдістерді қолдану бойынша жұмыстарды бағалайды.

KitapТime-2023 жыл сайынғы жалпы республикалық кітап фестивалінде қорытындыланады. Қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады, ал жеңімпаздарды дипломдар мен көтермелеу сыйлықтары күтеді.

Өтініш туралы егжей-тегжейлі ақпарат пен формасы қосымшада келтірілген.

Анықтама телефондары: (8-7212) 56-76-55, 56-74-64.