
Қарағандының «Шалқыма» концерт залында 18 ақпан сағат 17:00 «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің концерті өтеді.
Бағдарламада Тәттімбеттің «Бес төре» мен «Қосбасар», Құрманғазының «Төремұрат», Ж. Ә. Құдайбергеновтың «Көне тараз күмбірі», Мүкейдің «Қосбасқан», Ә. Бекбосынның «Телқара», Т. Тоқжановтың «Көшпенділер» мен Мәменнің «Ақ шолпан» күйлері мен т. б.
Сахнада Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Дәуренбек Әркенов, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Гүлмира Тапай, Нұрлытаң Ермек, Салия Бейсенова, Динара Хасанова (прима-қобыз), Тілеужан Қордабаева (жетіген) және Алтай Үсенов (сыбызғы) өнер көрсетеді.
Жеке орындаушы – республикалық байқаулардың лауреаты Арман Айнабаев (домбыра).
Көркемдік жетекшісі – Қазақстанның мәдениет қайраткері Байғара Садуақасов.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.