Керемет үйлену тойы туралы күлкілі оқиға – Теміртау театрының сахнасында комедия премьерасы өтеді

Керемет үйлену тойы туралы күлкілі оқиға – Теміртау театрының сахнасында комедия премьерасы өтеді

Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған театры көрермендерді 12 ақпанда Робин Хоудонның "Кремет үйлену тойы" атты пьесасы бойынша қойылған спектакльдің премьерасына шақырады. Сюжет махаббат тақырыбына арналған.

Театрда мәлімдегендей, бұл әртістердің сахнада бейнелейтін комедия жанрындағы ең күлкілі заманауи пьесалардың бірі. Спектакль режиссері өзекті мәселелерді қозғайды: сезімнің шынайылығы, адалдық пен шындық. Екі актілі үйлену тойы туралы оқиға ешкімді бей-жай қалдырмайды.

Қоюшы-режиссер – Александр Чупин. Қоюшы-суретші – Анна Трушкова.

Премьералық көрсетілімдер 19 және 26 ақпанда да өтеді.

Басталуы 17:00.

Спектакльдің жас санаты – 16+.

Қазіргі уақытта Теміртау қаласының жас көрермендер театрының репертуарында балаларға арналған 21 спектакль және ересектерге арналған 13 спектакль бар.