Мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқуға құжаттар қабылдау басталды

Мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқуға құжаттар қабылдау басталды

Бірінші ақпанда оқушыларды мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдау 15 сәуірге дейін жалғасады. 2023–2024 оқу жылына арналған конкурстық іріктеуді ҚР Оқу-ағарту минитрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы өткізеді.

Қарағанды облысында сегіз мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты және екі "Білім-инновация" лицей-интернаты бар.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарына 5, 6, 7, 10-сыныптарға оқушылар қабылданады.

Құжаттарды онлайн-тіркеу және қабылдау сайтта жүргізіледі https://qabyldau.daryn.kz.

Мамандандырылған білім беру ұйымы келесідей квоталарды бекітеді:

- "Мың бала" ұлттық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары үшін 7-сыныпқа қабылданатындардың жалпы санының 10 %;

- халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 5, 6, 7 және 10-сыныптарға қабылданатындардың жалпы санының 15%.

Халықтың әлеуметтік осал санаттарына келесілер жатады:

- ауылдық жерлерден мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалар;

- ата-аналарының бірінің бірінші топтағы мүгедектігі бар балалар;

- мүгедектігі бар баласы бар немесе сондай бала тәрбиелеп отырған отбасылар;

-жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

- жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар;

- төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар;

- экологиялық апаттар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасылар;

- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары.

"Білім-Инновация" лицейіне түсу емтихандарына тіркелу сайтта жүргізіледі bilemtihan.kz. Бірінші тур өтетін күн – 30 сәуір. Қосымша ақпаратты Facebook (bil.edu.kz) және Instagram әлеуметтік желілерінен табуға болады: @bil.edu.kz.