
Қарағандылықтар мен қала қонақтары 11 ақпан 17:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Академиялық симфониялық оркестрдің концертін тамашалай алады.

Бағдарламада – Р. Вагнер «Тристан және Изольда» операсынан «Кіріспе» және «Изольданың өлімі», Э. Элгар оркестрмен виолончельге арналған ми минор концерті, 85-ші шығ., Ф. Мендельсон Симфония № 3 ля минор «Шотланд», 56-шы шығ.
Солист – Илья Яшин, халықаралық байқаулар лауреаты, Санкт-Петербург Музыка үйінің солисі. Солист ретінде Мәскеу консерваториясының Концерттік симфониялық оркестрімен, Чайковский атындағы камералық оркестрімен өнер көрсетеді.
Дирижёр – ҚР еңбек сіңірген қайраткері бас дирижёр Пётр Грибанов.
Музыкалық кеш «Шалқыма» концерт залында өтеді.
Анықтама келесі телефондар арқылы: 41-13-14, 41-22-30.