
Ақтоғай ауданы Ақтас ауылының тұрғыны Назира Мұңайтбасова жергілікті мәдениет үйінде қолөнер үйірмесін ашты. Ол ауыл әйелдеріне заманауи тоқу техникасын тегін үйретеді.

Назира Мұңайтбасова ауыл мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Жас кезінен бастап ол тоқуды жақсы көреді және қолөнермен айналысады. Жақында мұғалім шеберден онлайн-оқытудан өтіп, сертификат алды. Тоқудың заманауи техникасын меңгергеннен кейін ол туыстары мен достарына үй тәпішкелерін, шұлықтар, сөмкелер және басқа да көптеген пайдалы заттар жасайды.

– Менің ойымша, әр әйел қолөнерді үйрене алады. Ең бастысы – ниет болуы керек. Мәдениет үйінде осындай үйірме ашу идеясы маған күзде келді. Жергілікті әкімдікпен келісіп, клубта шағын кабинет алдым. Маған он әйел жазылды. Ең жасы 25-те, ең үлкені – 60-тан асқан, – дейді Назира Мұңайтбасова. – Біз сабақтарымызды бастап кеттік. Олар демалыс күндері өтеді. Арнайы оқыту үшін Алматыдан шикізат сатып алдым.

Оқытудан басқа, Назира тапсырыс бойынша қолдан жасалған бұйымдар жасайды.

– Мен ауылдық кітапханада жұмыс істеймін. Тоқуды жақсы көремін. Бұрын жүннен жасалған шұлықтар тоқығам. Енді міне оқуға жазылдым, жаңа әдістерді үйренгім келеді. Мұғалім өте жақсы түсіндіреді, бәрін мұқият көрсетеді. Оның оқуды тегін өткізуі – біз үшін жақсы мүмкіндік. Ауылдарда адамдардың табысы аз, сондықтан әркім оқу ақысын төлей алмайды, – дейді үйірмеге қатысушылардың бірі Нұршат Сағындықова.
