
Қарағандылықтар мен қала қонақтарының назарына 3 ақпанда сағат 18:30-да "Шалқыма" концерт залында "Үш аспаптың сиқыры" Тrio Renaissance ұжымының концерті ұсынылады.

Алматы триосы құрамында Еркебұлан Сапарбаев (скрипка), Эльдар Айтбеков (виолончель) және Асқар Күлшәріпов (фортепиано) бар.
Көркемдік жетекшісі – Мәдениет саласының үздігі Ғабдулл Ұнайбеков.
Бағдарламада – Л. ван Бетховен № 1 Трио, ор. 1; I. Брамс № 1 Трио, ор. 8; Д. Шостакович № 1 Трио, ор. 8.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.