Қарағандылық саяхатшылар Моңғолия туралы өз әсерлерімен бөліседі

Қарағандылық саяхатшылар Моңғолия туралы өз әсерлерімен бөліседі

Қарағанды "Авалон" тарихи-географиялық қоғамы мен ЭкоМұражай 3 ақпанда барлық ниет білдірушілерді Моңғолия жайлы әңгіме қозғау үшін саяхатшылар клубына шақырады. Авалондықтар Виталий Шуптар мен Кирилл Мотов өздерінің саяхаттары туралы айтады.

"Авалон" ТГҚ командасы мен "Nomad 4x4" клубы Моңғолияның кең даласын өткен жазда бағындырған болатын. Саяхатшылар Цэцэрлэг пен Ұлан-Батордың будда храмдарына, Қобда мен Улиастайдағы мәнжүр бекіністерінің қирандыларына барды. Олар Шыңғыс ханның ең үлкен ат ескерткішін, Алтайдағы тас мүсіндерді және Орхон алқабындағы түркі стелаларын және тағы басқаларын көрді.

Барлық әңгімелер әдемі фотосуреттермен сүймелденген. Сапардың практикалық сәттері (бағалар, жолдар, ас үй және т. б.) назардан тыс қалмайды.

Іс-шара Бұқар жырау даңғылы, 47 мекенжайындағы Экомұражайда өтеді.

Басталуы 18:30.

Кіру тегін.