Қарағанды өңірлік акушерлік-гинекологиялық орталығы жаңа акцияны іске қосты

Қарағанды өңірлік акушерлік-гинекологиялық орталығы жаңа акцияны іске қосты

Қарағанды өңірлік акушерлік-гинекологиялық орталығы "Бақытты сағаттар" жаңа акциясын іске қосты. Әр апта сайын сейсенбі және жұма күндері сағат 13.00-ден 16.00-ге дейін дәрігерлер пациенттерді тегін қабылдайды.

Осы уақытта гинекологпен кездесуге, жағынды тапсыруға, жамбас мүшелерінің гинекологиялық ультрадыбысын жасауға мүмкіндік бар.

Қабылдау кезек тәртібімен жүргізіледі.

Өңірлік акушерлік-гинекологиялық орталық Қарағанды қаласы, Щорс көшесі, 53 (Майқұдық) мекенжайында орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, 18—19 қаңтар аралығында орталықта ашық есік күндері өтті. Дәрігерлер күніне жүзден астам науқасты тегін қабылдады.