
Нұра ауданының Тікенекті ауылының 84 жастағы тұрғыны Минниагзам Авлияров жасына қарамастан шынжыр табанды тракторды тізгіндеп, өз еркімен туған ауылының жолдарын қардан тазартады.

Минниагзам Авлияров Башқұртстанда дүниеге келген және жас кезінде Қазақстанға тың жерлерді игеруге келген. Тікенекті ауылында тұрып, ұзақ жылдар механизатор болып жұмыс істеген. Комбайндарды, тракторларды және басқа да арнайы техниканы тізгіндеп, елге қызмет көрсеткен. Мұнда ол үйленіп, жұбайымен бірге бес бала – үш қыз бен екі ұл тәрбиелеп өсірді. Ауыл тұрғындары ақсақалды Ағзам аға деп атап кеткен. Зейнеткер өмір бойы қыс түскенде ауылдың қарын тазалап, көктемде бөгеттерді нығайтумен айналысып келеді.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де Ағзам аға қол қусырып отыра алмады. Халық арасында белсенді азаматтық ұстанымы үшін оған күміс ерікті және супермен деген лақап ат берілген.

– Мен Қазақстанға 1958 жылы, 19 жасымда тың жерлерді игеруге келдім. 1961 жылы мені осында жіберді. Ол кезде мына жерлер қу дала болатын, мен совхоз құрылысына қатыстым. Содан бері мен осында тұрамын. Тікенекті – бұл менің Отаным, – дейді ақсақал. – Мен ауылдастарыма шын жүректен көмектесемін. Алла тағала маған күш бергендіктен, мен адамдарға көмектесуім керек деп санаймын. Сонымен қатар, қазір біздің ауылда көбіне қарттар ғана қалды. Ауылымызды қар басып кеткенде, оларға жүріп-тұру қиынға соғады.

азаматтық ұстанымымен жастарға үлгі көрсетіп отыр деп санайды.
– Ағзам ағаны бәріміз құрметтейміз. Ол кісі жергілікті халыққа қырық жыл бойы көмектесіп келеді. Оның шағын шаруа қожалығы бар. Қыста қар тазалайды, жазда жергілікті тұрғындарға шөп жинауға көмектеседі, – дейді Ерлан Оспанов. – Биыл қоныс аудару бағдарламасы бойынша Павлодар облысынан осында көшіріп әкелеміз деп отырған отбасыға көмек көрсетуге дайын. Ол көп балалы отбасы, оларға шаруа қожалықтарының басқа басшылары да көмек көрсетеді. Ал ақсақалға зор денсаулық тілейміз. Дәл осындай адамдар біздің жастарымызға үлгі болуы керек.

Айта кетейік, Тікенекті ауылында бүгінгі таңда 226 адам тұрады. Елді мекен аудан орталығынан 320 шақырым және Қарағандыдан 550 шақырым жерде орналасқан.