
Қарағандылық "Сарыарқа" хоккей клубының ойыншылары Қазақстан құрамасының құрамында ХХХ Дүниежүзілік қысқы Универсиадада қола медаль жеңіп алды. Универсиада-2023 12—22 қаңтар аралығында АҚШ-та Лейк-Плэсидте өтті.
Қазақстанның студенттер құрамасында ел намысын "Сарыарқа" хоккейшілері Руслан Демин, Саян Данияр, Иван Гавриленко және Денис Қаратаев қорғады.
Біздің команда Оңтүстік Кореяны (5:1), Венгрияны (9:1), Ұлыбританияны (15:1), Словакияны (4:0) жеңіп, АҚШ-тан (1:4) және Канададан (1:4) есебімен ұтылды.
Қазақстан құрамасы үшінші орын үшін Жапониямен күресті. Кездесу 8:1 есебімен біздің жеңісімізбен аяқталды.
Универсиаданың жеңімпаздары канадалықтар, күміс жүлдегерлер – американдықтар болды.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша