
Өткен жылы Қарағанды облысының тұрғындары 123,5 мыңнан астам рет КТ және МРТ-дан өтті. Оларды төлеуге медициналық сақтандыру қоры 1,8 млрд теңге жұмсады.
Магниттік-резонанстық және компьютерлік томография аймақ тұрғындары үшін қол жетімді болды. Сақтандырылған пациенттер үшін бұл жоғары дәлдіктегі диагностикалық әдістер тегін. Олар пациенттің денесінде болатын процестерді "көруге" мүмкіндік береді.
– Медициналық сақтандыру жүйесі үш жыл ішінде диагностикалық көмекті, оның ішінде КТ және МРТ сияқты қымбат тексерулерді қаржыландыру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Қарағанды облысында бірнеше медициналық ұйымдар КТ және МРТ жаңа кабинеттерін ашты, соның ішінде жеке инвестицияларды тарта отырып, – деп атап өтті медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Көпобаев. – Бұл іс-шаралар медициналық көмекті халыққа қолжетімді етуге бағытталған.
Компьютерлік томография тіндердің құрылымдық өзгерістерін анықтауға көмектеседі және сүйектің немесе омыртқаның зақымдануы, гематомалар мен ішкі қан кетулер, онкологиялық аурулар, өсінділер және басқа ауруларды анықтау үшін тағайындалады. Өткен жылдың 12 айында Қарағанды облысының тұрғындары компьютерлік томографтарда 70,6 мыңнан астам рет тексеруден өтті. Медициналық сақтандыру қоры КТ төлеуге бір жыл ішінде 897 млн теңге бөлді.
Магнитті-резонанстық томография тамырларды, жұмсақ тіндерді, ішкі мүшелерді, миды, жүйке жүйесін және лимфа түйіндерін тексеру үшін қолданылады. Ми ісіктерін, аневризмаларды, тромбоздарды және басқа патологияларды диагностикалау үшін тағайындалады. 2022 жылы өңірдің медициналық ұйымдары 53 мыңға жуық МРТ тексерулерін жүргізді. Осы қызметтер үшін медициналық сақтандыру қоры 918,5 млн теңге төледі.
Медициналық сақтандыру қоры Қарағанды филиалының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша