Қарағандылықтарды тегін психологиялық тренингке шақырады

Қарағандылықтарды тегін психологиялық тренингке шақырады

Ten Qogam әлеуметтік бейімдеу орталығында 27 қаңтарда "Өзіңе деген сенімділікті арттыру" тегін психологиялық тренингі ұйымдастырылады. Оған қатысу үшін мүгедектігі бар азаматтар шақырылады.

Сенімділік пен өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға бағытталған көптеген жаттығулар мен тесттер өткізу жоспарланған.

Басталуы сағат 11.00-де.

Тренингке қатысу үшін келесі телефон арқылы хабарласуға болады: +7-777-540-44-94 (WhatsApp).

Орталықтың мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесі, 709 ғимарат, 5 кеңсе (Alan Motors ғимараты).

Толығырақ Instagram: @ten_qogam_qaragandy.