
"Әнет баба" мешітінің еріктілер тобы Қарағанды облысы бойынша "Зекет және қайырымдылық" қорының жауапты өкілі Мирас Ерланұлының жетекшілігімен әлеуметтік көмекке мұқтаж 100 отбасына, оның ішінде көп балалы және жалғызбасты аналарға азық-түлік себеттерін тапсырды.

– Қиын сәтте бір-біріне көмектесу – әрбір мұсылманның міндеті. Біз мұқтаж жандарға көмек қолын созуды шештік. Көмек аз болса да, шын жүректен, – деп атап өтті Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтұғанұлы.

Мешітке келе алмаған отбасыларға азық-түлік мекен-жайлары бойынша жеткізілді.

Қарағанды облысы бойынша ҚМДБ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша