
"Алтын ғасыр" галереясында 25 қаңтарда сағат 16:00-де № 1 арнайы мектеп-интернатта 10 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан "Ғажайыптар шеберханасы" үйірмесінің тәрбиеленушілерінің "Жарық шашар суреттер" көрмесі ашылады.

Экспозицияда әр түрлі техникадағы 28 жұмыс ұсынылады: кескіндеме, графика, аралас техника, пластилинография, модельдеу. Олардың барлығын көру қабілеті төмен және нашар көретін оқушылар орындаған.

– Суреттердің басты тақырыбы Отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық сарын, Қазақстанның мәдени мұрасы болды. Сондай-ақ, балалар табиғатты салуды өте жақсы көреді. Мен өз жұмысымда тифлокомментарийлерді, үлкейтілген репродукция кескіндерін, макеттерді, муляждарды қолданамын. Қиындықтар көп, бірақ біз оларды бірге жеңеміз. Балалар сурет салғысы келеді. Бұл олар үшін сонымен қатар құрдастарымен, басқа адамдармен байланыс құру мүмкіндігі. Біздегі атмосфера еркін, балаларға көп нәрсені айтамыз, пікір алмасамыз, – дейді қосымша білім беру мұғалімі, дефектолог Нинель Оразбекова.

Көрме 30 қаңтарға дейін жалғасады.

Галереяның мекен-жайы: Комиссаров көшесі, 35а.

Жұмыс уақыты: 10:00-ден 18:00-ге дейін.

Кіру тегін.