
Аймақтық акушерлік-гинекологиялық орталықта 18 және 19 қаңтарда ашық есік күндері өтеді.
"Дәрігер-гинекологтың тексеруінен, гинекологиялық УДЗ-дан тегін өтуге, зәр мен қанның жалпы талдауын тапсыруға, күндізгі стационар базасында ем алуға болады. Үш ультрадыбыстық кабинет жұмыс істейді", – деп хабарлады ААГО.
Қабылдау кезек бойынша 09:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.
Бүгін қабылдауды: Буйненко Андрей Владимирович, Петрова Ирина Григорьевна, Жақсыбаева Әсем Мұхамеджанова, Козюра Ирина Васильевна, Құнанбаева Сәуле Ғалиханқызы жүргізеді.
19 қаңтар қабылдауда: Вазенмиллер Дмитрий Владимирович, Петрова Ирина Григорьевна, Жақсыбаева Әсем Мұхамеджанова, Козюра Ирина Васильевна, Махамбетова Камила Шағырбайқызы.
Өңірлік акушерлік-гинекологиялық орталық Қарағанды қаласы, Щорс көшесі, 53 (Майқұдық) мекенжайында орналасқан.
@ragc_krg2017