
Қарағандының NIS есебінде бүгінде мыңға жуық түлек бар. Олардың көпшілігі Қазақстанның, АҚШ-тың, Еуропа мен Азия елдерінің үздік университеттеріне түсе алды. Мақсатқа қалай жетуге болатыны жайлы студенттер өз тәжірибелерімен бөлісті.


Түлектердің бірінші форумына Қарағандылық NIS-те 60 адам жиналды. Олар оқушыларға өз кеңестерін берді.

Әліби Келісбеков 2020 жылдың түлегі. Қазір ол Венгрияда Дебрецен университетінің азаматтық авиация факультетінің үшінші курсында оқиды.
- NIS-те оқу менің ортамды өзгертті. Бәсекелестік ортада білім алу мотивация мен оқуға деген ұмтылысты арттырады. Мен жай шетелде оқудыды ғана емес, авиация туралы армандадым. Содан өзім қалаған университетке түстім. Қазірдің өзінде тәжірибем бар - мен 50 сағаттан астам ұштым, - деді Әлиби. - Болашақ түлектерге менің кеңесім - армандаудан қорықпаңыздар! Өз білімдеріңізге сенімді болыңыздар. Сіздерді шынымен не қызықтыратынын түсінуге тырысыңыздар.

Ақмарал Дайрабай Назарбаев университетінің бірінші курсында оқиды. Оның пікірінше, зерттеу дағдыларын дамыту қажет.
- Барлық сабақтарда біз теорияға еніп қана қойған жоқпыз. Практикалық жұмыс көп болды. НИШ инноваторлар мен көшбасшыларды тәрбиелейді. Мұның бәрін өмірде жүзеге асыру керек, - деп атап өтті студент.


Түлектер қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсу ерекшеліктері туралы айтып берді. Оқушылар өз жобаларын әртүрлі бағыттар бойынша ұсынды: ғылыми-зерттеу, білім беру, әлеуметтік және IT.