Қарағандыда алғашқы жекпе-жек мектебі ашылды

Қарағандыда алғашқы жекпе-жек мектебі ашылды

Қарағандыда ұлттық спортты дамыту үшін жекпе-жек мектебі құрылды. Ол Сұрыптау шағын ауданында, Победа көшесі, 110 мекенжайында орналасқан. Мектепте 200-ге жуық жас спортшы жаттығады.

- Ұлттық спорт түрлері танымал болып келеді. Бұл сала қолдау тауып жатқаны өте жақсы, - деп атап өтті "Жекпе-жек" ұлттық спорт федерациясының президенті Әділет Нұрмадиев. – Біздің Сұрыптаудағы тәрбиеленушілеріміз бұрын жертөледе орналасқан шағын залда жаттығатын. Зал тар болғандықтан барлық тілек білдірушілерді қабылдай алмадық. Биыл әкімдік бізге үй-жай бөлді. Болашақта жекпе-жектен басқа тоғызқұмалақ, садақ ату және басқа да спорт түрлері бойынша секциялар ашуды жоспарлап отырмыз.

Қарағанды облысының "Жекпе-жек" ұлттық спорт федерациясы екі жыл бұрын құрылған. Өңірдің жас спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп, елдегі ең мықты үштіктің қатарына кіреді. Өткен жылы облыстың жасөспірімдер командасы Қазақстан чемпионатында үшінші орын алды. Үлкен жасөспірімдер командасы екінші орынға ие болды.