Қарағандыда "Сөйле" қазақ тілі клубы ашылады

Қарағандыда "Сөйле" қазақ тілі клубы ашылады

Қарағандыда "Менің елім - менің тілім" жобасы аясында "Сөйле" ауызекі клубы құрылуда. Оған қазақ тілін үйренгісі келетіндердің барлығы шақырылады. Бірінші кездесу 16 қаңтарда сағат 11.00-де Әлиханов көшесі, 4 мекенжайындағы AMANAT партиясының ғимаратында өтеді.

- Клубта қызықты кездесулер мен іс-шаралар, рөлдік ойындар, бірлесіп фильмдер көріп, оларды талқылайтын боламыз. Қазақ тілін үйренгісі келетіндерді, сондай-ақ оны жақсы меңгергендерді және басқаларды оқыта алатындарды шақырамыз, - дейді "Жастар рухы" Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ержан Хамитов.

"Сөйле" клубына қатысу тегін.

Байланыс телефоны: 8-708-968-80-58.