Қарағанды облысының моноқалаларында ONAY! карталары сатыла бастады

Қарағанды облысының моноқалаларында ONAY! карталары сатыла бастады

ONAY! карталарын сату нүктелері Абай мен Ақтас, Саран және Топар, Теміртау және Шахтинск кенттерінде ашылды. Осыған дейін хабарланғандай, Қарағанды облысы әкімдігінің шешімі бойынша электрондық қамтамасыз ету жүйесі қала маңындағы жеті маршрутта іске қосылатын болады - №№ 100, 107, 121, 122, 127, 146 және 165. Бұл жол жүру құнын екі есеге жуық төмендетеді.

Компания сату нүктелерінің мекен жайларын хабарлады:

- Абай – Абай көшесі, 46/1 және 2 шағын ауданындағы 4/1 құрылыс мекенжайларындағы "Сарыарқа нан" павильондарында;

- Ақтас – Кржижановский көшесі, 25б мекенжайындағы "Сарыарқа нан" павильоны;

- Саран – Жакенов көшесі, 18 мекенжайындағы "Сарыарқа нан" павильоны, "Гастроном" дүкені, "Оптимальный" супермаркеті (кеңсе тауарларын сату бөлімінде;

- Топар – Жастар бульвары 8А құрылымы мекенжайы бойынша орналасқан "Сарыарқа нан" павильоны;

- Теміртау – 70 квартал 21в үй және 8 шағынауданы, 132б құрылыс мекенжайларындағы "Сарыарқа нан" павильондары, "Есдәулет" СҮ (Абай көшесі, 70А), "Магнат" СҮ (Момышұлы даңғылы, 56/5), "Экран" СҮ (Момышұлы даңғылы, 63), "Гвоздика" (7 шағынауданы, д. 31/1);

- Шахтинск – Қазақстан көшесі 121 мекенжайындағы "Сарыарқа нан" павильоны, Қазақстан көшесіндегі "Ержан" дүкені (кеңсе тауарлары бөлімінде).

7-15 жастағы балалар карталарын ONAY! қызмет көрсету орталығында жасауға болады. Мекен-жайы: Қарағанды, коммуналдық көшесі, 3. Операторлар дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істейді.