
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Балқаш қаласына барады. Жұмыс сапары кезінде өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу 2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 11:30-да М. Хамзин атындағы мәдениет сарайында өтеді. Кездесу аяқтағаннан кейін - жеке қабылдау.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді (8-71036) 4-19-35 телефоны бойынша жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) немесе электрондық мекенжай бойынша қалдыруға болады: inform_kont@krg.gov.kz.