
Қарағандыда болжам бойынша газ жарылысы болған көпқабатты үйде құтқарушылар жұмыс жасап жатыр. Оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев келіп жетті. Әкімдік эвакуацияланған тұрғындарды орналастыру жұмыстарын ұйымдастыруда. Адамдарға барлық қажетті көмек көрсетіледі.
Облыстық ТЖД ақпараты бойынша, 10 қаңтарда сағат 21.29-да Республика даңғылы, 18/2 бойынша 16 қабатты 127 пәтерлі тұрғын үйде өрт болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

"8-ші қабаттағы пәтерде газ жарылды, кейіннен жану және қирау қабатаралық тірек қираған (ауданы анықталуда). Барлау барысында үш адамның денесі табылды (болжам бойынша екі ер адам мен әйел). ТЖД күшімен кіреберіс пәтерлерінен құтқару қалпақтарының көмегімен 11 адам құтқарылды (оның ішінде 2 бала). Сағат 22.55-те өрт сөндірілді. Оқиға орнына 88 адам және ТЖМ бөлімшелерінің 23 техникасы жұмылдырылды", - деп хабарлайды ТЖД.
Зардап шеккен бір адам ауруханаға жатқызылды.
Тұрғындарды жылыту үшін ТЖД үш вахта көлігі жұмылдырылды.
Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталуда.