
Қарағандылықтардың қазақ және ағылшын тілдерін тегін үйренуге мүмкіндігі бар.

"Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ "Шырақ" тілдерді оқыту орталығы курстарға қабылдау басталғаны жайлы жариялады.
Сабаққа 18 жастан асқан ересектер күтеді. Топтар 15 адамнан тұрады. Оқыту онлайн және офлайн форматтарда өтеді. Жоғары санатты тілтанушылар сабақ береді.
Курстарды аяқтағаннан кейін емтихан нәтижелері бойынша сертификаттар беріледі.
Сабақтың басталуы - 2023 жылғы қаңтар.
Курстың ұзақтығы - 2,5 ай.
Келесі телефон нөмірлері арқылы жазылуға болады: (8-7212) 50-25-15, 50-65-59 (жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін қоңырау шалу).