Балқаш тұрғындарының назарына!

Балқаш тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қаңтардың бірінші жартысында Балқаш қаласының тұрғындарымен кездеседі. Өңір басшысы сонымен қатар жеке қабылдау өткізеді.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді (8-71036) 4-19-35 телефоны бойынша жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) немесе электрондық мекенжай бойынша қалдыруға болады: inform_kont@krg.gov.kz.