
Қарағандыда кәсіпкерлер үшін «Акселератор» бағдарламасы іске қосылады. Бұл бизнесмендерге пайдасын арттыруға көмектесетін құрал. Үздік командалар шақырылған инвесторлардан қаржыландыру алуға үміттене алады.
Бағдарламаны Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен «Террикон алқабы» ІТ-hub жүзеге асырады. Қатысуға digital, FMCG және басқа да қызметтер саласындағы шағын және орта бизнес өкілдері шақырылады.
Сегіз апта ішінде қатысушылар өнім экономикасын, сатуды жүргізуді, маркетингтік коммуникацияларды, нарық пен бәсекелестерді зерттеуді және басқа да пайдалы тақырыптарды зерттейді. Шақырылған сарапшылардан дәрістер, воркшоптар және трекерлермен жеке консультациялар өтеді.
Соңында қатысушылар өз нәтижелерін қазылар алқасына ұсынады. Үздік командалар «Яндекс» жобасының серіктесінен 2,4 млн теңге сомасына сыйлықтар алады.
Қатысушыларды тіркеу келесі сілтеме бойынша жүргізіледі: https://terricon.kz/kz/accelerator.
Өтініш беру мерзімі – 21 қаңтарға дейін.
IТ-hub «Террикон алқабы» Қарағанды қаласы, Алалыкин көшесі, 12 мекенжайында орналасқан.