«Дос-Мұқасан» ансамблі өзінің мерейтойын Қарағандыда музыкалық кешпен атап өтпек

«Дос-Мұқасан» ансамблі өзінің мерейтойын Қарағандыда музыкалық кешпен атап өтпек

55 жылдық мерейтойына орай «Дос-Мұқасан» вокалдық-аспаптық ансамблі Қазақстанның 13 қаласы бойынша гастрольге аттанады. Қарағандыда аты аңызға айналған топтың концерті 10 ақпанда Кеншілер мәдениет сарайында өтеді.

«Дос-Мұқасан» республикадағы алғашқы кәсіби вокалды-аспасты ансамбль болып саналады. Ансамбльді Қазақ политехникалық институтының студенттері құрған. Топтың негізін қалаушылар және алғашқы орындаушылар - Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Хамит Санбаев, Александр Литвинов. Кейін ансамбльге Дариға Тұрсынова, Шәріп Омаров, Бақытжан Жұмаділов, Ақнай Шомотов, Асқар Жанқұшықов, Нұртас Құсайынов, Құрманай Омарова және Ақжол Мейірбеков қосылды.

Жас музыканттар қазақтың ескі халық әндері мен өз шығармаларын орындады. Ансамбль 1971 жылы Ташкенттегі Бүкілодақтық халықтар достығы фестивалінде бірінші орынға ие болды.

Кеншілер мәдениет сарайындағы жарық эффектілері шоуында музыканттар өз жанкүйерлеріне сирек шырқалатын немесе өте ұзақ уақыт бойы орындалған хиттер мен әндерді орындайды.

Билеттерді tiketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Құны - 5000 теңгеден басталады.

Концерттің басталуы сағат 19:00-де.